Шымкент-Астана бағытындағы ұшақ бортында студент қыз есінен танып қалды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шымкенттен Астана қаласына ұшып бара жатқан Fly Arystan әуекомпаниясының рейсінде төтенше жағдай орын алып, 20 жастағы студент есінен танып қалды. Дабылға бортсеріктер бірден жауап берді, олар борттағы дәрігерлерді көмекке шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көмекке жоғары білікті маман реаниматолог, "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ жаңа туған нәрестелердің анестезиологиясы, реанимациясы және қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург және кардиолог Нұрсұлтан Әуелбекұлы Құрбанбеков жауап берді.

"Науқасты қарап-тексеру кезінде ол әлсіз импульсті және нөлдік деңгейдегі қан қысымын анықтады, бұл ауыр жағдайды көрсетті. Дәрігерлердің жедел және үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында қыздың жағдайы бірнеше минуттан кейін айтарлықтай жақсарды.", – делінген ақпаратта.

Анамнезде қандағы гемоглобин деңгейі небәрі 61 екендігі анықталды және қыздың айтуынша, ол емделмеген, бұл есін жоғалтудың себептерінің бірі болуы мүмкін.

"Осыған байланысты дәрігерлерден әрі қарай тексеру және осындай жағдайларға әкелуі мүмкін ауруларды болдырмау үшін мамандардан консультация алу ұсынылды",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелгендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды