Алматының Бостандық ауданында 100-ден астам заңсыз дүңгіршектер сүрілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) жаппай бұзу жұмыстары жалғасуда. Осылайша, қаланың Бостандық ауданында фаст-фуд өнімдерін сататын дүңгіршектер мен силомерлер бөлшектелді.

Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен өз бетінше орнатылған СЕСН жою жөніндегі науқан аясында 49 стационарлық емес сауда нысандары мен 59 силомерді бұзу жүргізілді.

2025 жылдың ақпан айының басынан бастап Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының жұмыс тобымен бірлесіп мемлекеттік қордың жерінде орналасқан 300-ден астам заңсыз нысандар бөлшектелді. Сонымен қатар, тұрғындардың пікірінше,шу мен қолайсыздықты тудыратын 222 ойын-сауық аппараттары (силомерлер) алынып тасталды.

Қала тұрғыны Светлана Косарева бұл шараларды қолдап, көшедегі дүңгіршектер көбінесе түсініксіз жағдайда дайындалған зиянды тағамдарды сататынын, ал силомерлер қаланың тыныштығын бұзатын шулы компаниялар жиі бас қосатын орын екенін атап өтті.

Қалған 210 заңсыз СЕСН бөлшектеу жұмыстарын ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін аяқтау жоспарлануда.

Коммуналдық қызметтер осы нысандардың заңсыз қосылған инженерлік желілерін өшіруді жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді