Солтүстік Қазақстанда букмекерлік кеңселерде бәс тіккен шенеуніктер жұмыстан қуылды

Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жылғы шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) толықтырулар енгізілді, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар теріс себептермен жұмыстан шығарылуға жатады.

Талдау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактілері анықталды.

Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы Заң талаптарын бұза отырып, "1XBET" букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде "ставкалар" қоюды жүзеге асырған.

Осындай бұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылды, барлық мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына қатаң көрсетілді.

Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жауаптылық туралы еске салады және қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ