Орал қаласында ұландықтар буллингке ұшыраған қызды құтқарып қалды

Фото: pexels
Орал қаласының көшелерін патрульдеу кезінде 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көмекке шақырған адам дауысын естіген.

Дауыс шыққан жерге жеткен сарбаздар жасөспірімдердің физикалық қысымына тап болған қызды анықтады.

Ұландықтардың кәсібилігі мен батылдығының арқасында екі агрессивті жасөспірім сол жерде ұсталып, полицияға тапсырылды.

"Біз қызды көріп, оған көмек қажет екенін бірден түсіндік. Балалар арасындағы дау төбелеске айналған. Біз дереу орталарына түсіп, жағдайды реттедік", – дейді қатардағы Ғаламат Нұрберген.

Сурет: ҚР ІІМ

Буллингке ұшыраған қыздың анасы Татьяна Ефремова егер ұландықтар көмекке келмегенде баласының денсаулығына әлдеқайда ауыр зардаптар келуі мүмкін екенін атап өтті.

Ол 5517 әскери бөлімінің құрамына алғыс білдірді. Ұсталған жасөспірімдер құқық қорғау органдарына тапсырылды, ал қызға қажетті медициналық көмек пен қолдау көрсетілді.

Осылайша ұландықтар құқықтық тәртіп әскер әрқашан көмек қажет жерден табыла кететінін тағы да дәлелдеді.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды