Каспий теңізінің жағалауынан өлі аққулар мен қаздар табылды

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысында "Көгілдір шығанақ" аумағында туристер көптеген өлі құстарға тап болды. Мамандар мұның табиғи жағдайда өлген үйректер мен аққулар болуы мүмкін деген болжамда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымы жергілікті тұрғындар бұл аймақта заңсыз аң аулауы мүмкін деп болжап, биліктен бұл мәселені шешуді сұрады. Инспекция қызметкерлері "Көгілдір шығанақ" тек демалыс орны ғана емес, сонымен қатар аңшылыққа шығатын орын екенін түсіндірді.

"8 наурыздан 22 наурызға дейін жүргізіліп жатқан аң аулау маусымында құстарды ату заңсыз болып табылмайды. Мемлекеттік инспекторлар апта сайын теңіз жағалауын шолып, құстар арасында табиғи жағдайда өлу фактісі тіркелгенін нақтылады. Жаппай қырылу фактісі анықталған жоқ. Жақында суда жүзетін құстар қоныс аударды. Мыңдаған құстардың арасында әлсіздерінің өліп қалу жағдайлары болады. Сонымен қатар, жақында Түпқараған ауданы маңындағы жағалауда қалың қар жауды", - дейді инспекция өкілдері.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы ауылдарда жеке үйлердің аулаларынан жабайы құстар табылғаны анықталған. Әлсіреген құстарды құтқару үшін ауыл тұрғындары қорық пен табиғи саябақтардың қызметкерлерінің көмегіне жүгінген еді.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Наурызнама онкүндігі: бүгін – Шаңырақ күні

Мемлекет басшысының қатысуымен Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы басталды

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Шетелде демалуды жоспарлаған қазақстандықтарға ескерту жасалды