Таразда көпқабатты тұрғын үйден 30-ға жуық адам эвакуацияланды

Бүгін, 2025 жылы 17 наурызда Таразда Жансая ықшам ауданында қоқыстың жануы салдарынан көп пәтерлі тұрғын үй түтінге оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жанған қоқысты тез сөндіріп, баспалдақ маршымен түтін басқан подъезден 27 адамды, оның ішінде алты баланы эвакуациялады.
"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Бұған дейін Тараздағы зауыттардың бірінде электр трансформатор өртенгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript