Петропавлда өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 30 адам эвакуацияланды

Баспалдақ, өрт, Петропавл, бес қабатты тұрғын үй, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2025 17:57 Сурет: pixabay
Бүгін, 2025 жылы 14 маусымда Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, құтқарушылар 30 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі өрт  Назарбаев көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы  пәтерден шыққанын нақтылайды. 

"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 30 тұрғынды құтқарып, эвакуациялады. Өрт сөндірілді, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді", делінген хабарламада.

Бұған дейін Атырау облысында қамысты алқап өртеніп жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: