Атырау облысында қамысты алқап өртеніп жатыр

Өрт, қамысты алқап, Атырау облысы, табиғи резерват, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2025 16:44 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Атырау қаласының Еркінқала ауылынан 15 шақырымда "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 13 маусымда түнде қамысты алқап өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ТЖД-ның 2025 жылғы 14 маусым, сағат 14.00-дегі ақпараты бойынша, қамысты алқаптың жану аумағы шамамен 650 гектарды құрады.

ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен өрт ошақтарына 9 рет, жалпы көлемі 27 тонна су төгілді. Өртті сөндіруге жалпы есеппен 82 адам және 17 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқиға орнында уақытылы ақпарат алмасып отыру мақсатында командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылды.

Қазіргі уақытта  өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Айта кетсек, 2025 жылы 12 маусымда Алматыда өртке оранған үйден ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: