Алматыда өртке оранған үйден ер адамның мәйіті табылды

Пожар на складе, горящие склады, горящий склад, тушение склада, возгорание складских помещений, пожарный, пожарные, пожарная служба, пожарный кран, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2025 09:17 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда бірден екі үйден өрт шықты. Жалын 500 шаршы метрден астам аумақты шарпыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында жедел штаб құрылды. Өрт сөндірушілер бірнеше учаскеде жұмыс істеді. Оқиға орнына 15 техника мен 50-ден астам қызметкер жұмылдырылған.

"Бірнеше иесі бар барақ типтес тұрғын үйде өрт шығып, жалын төрт иесі бар көрші үйге және монша мен шаруашылық құрылысына өткен. Жалпы алдын ала аумақ 500 шаршы метрден асады. Өрт орнында ер адамның мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

Өртті сөндіру барысында газ баллоны жарылған.

Қосымша іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Қызыл жалын 00:55-те оқшауланды.

Бұған дейін Шымкентте балаларды ұрған балабақша қызметкері қамауға алынғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: