Атырауда ірі мейрамхана өртенді

Атырауда ірі мейрамхана өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2025 13:55 Сурет: Zakon.kz
Атыраудағы мейрамхана кешенінің ғимаратында өрт шықты. Жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, 2025 жылғы 4 қазанда өрт сөндірушілер Геолог шағын ауданындағы екі қабатты мейрамхана кешенінің шатыры жанып жатқан жерге жеткен. Нысан Аққұлов көшесінде орналасқан.

Өрт сөндірушілер келген сәтте ғимараттың екінші қабатындағы кафенің ағаш құрылымдарын жалын шарпыған.

Өртті сөндіру барысын ТЖД бастығының бірінші орынбасары, полковник Әбділда Баякеев түсіндірді.

Өрт 500 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: