Шу қаласында өртке оранған жеке үйден екі баланың денесі табылды
Сурет: Zakon.kz
2 желтоқсанда Шу қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, қызыл жалын 30 шаршы метр алаңды жалмады. Оқиға орнынан екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт кезінде балалар ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз болған.
"2 желтоқсанда сағат 23:55-те Шу қаласында жеке тұрғын үйде өрт болды (үй заттары мен жиһаздардың жануы), 30 шаршы метрді қамтыған өрт орнынан 2017 жылы және 2020 жылы туылған екі баланың денесі табылды. Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күшімен өрт сағат 00:10-да оқшауланып, сағат 00:35-те толығымен жойылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өрт сөндірушілер оқиға орнына шақырту түскеннен кейін 3 минут ішінде келіп жетті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқан балаларды 1989 жылғы анасы үйде қалдырып, есікті сыртынан құлыптап кеткен.
ТЖД профилактикалық жұмыстар аясында 2022 жылы 22 қазанда бұл үйге де мамандар бас сұғып, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіргенін атап өтті.
Өрт фактісіне сәйкес, ҚР ҚК-ның 292-бабы, яғни "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша іс қозғалды.
Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс шеңберінде тергеу іс-шаралары қолға алынды.
29 қарашада Алматы-2 теміржол вокзалының ғимаратында өрт болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript