Каспий теңізінің жағалауында қамысты алқап өртеніп жатыр
Сурет: видеодан алынды
ТЖМ құтқарушылары Атырау облысында өртенген қамысты алқапта қызыл жалынмен алысып жатыр. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтеншеліктердің мәліметінше, Исатай ауданының Жанбай ауылынан 20 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында жетуі қиын батпақты жерлерде, алдын ала есеп бойынша, 7 гектар қамыс алқабында от тұтанған.
"Өртті сөндіру үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 18 рет әуеден су төгілді. Сондай-ақ ТЖМ күштері жаяу жүріп өртті сөндіруде. Жақын елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ". ҚР ТЖМ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript