Балқаш ауданында 150 гектар қамысты алқап өртеніп жатыр

Іле-Балқаш резерваты аумағындағы қамысты алқаптың 150 гектары отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ деректері бойынша бастапқыда 6 200 гектар жер өртенген, оның 6 050 гектары сөндіріліп үлгерді.
"Іле-Балқаш резерватында (алыс қашықтықтағы арнайы жолы жоқ, кісі аяғы жетуі қиын саз-балшықты жерде) 150 гектар қамысты алқап өртеніп жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6 200 гектарды құрайды, оның ішінде 6 050 гектар аумағы сөндіріліп үлгерді".

Сурет: ҚР ТЖМ
Сондай-ақ, ТЖМ әлеуметтік желілерде тараған ғарыштан түсірілген суреттер бүгінгі күнде актуальдылығын жойғанын хабарлады.
Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Сурет: ҚР ТЖМ
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript