Балқаш ауданында «Қызыл кітапқа» енген бұғылар табиғатқа жіберілді
Instagram желісіндегі ҚР ЭГЖТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің парақшасында Бұқар бұғысы табиғатқа шығарылғанының видеосы жарияланды.
Комитет таратқан ақпаратқа сай, Іле-Балқаш қорығы аумағына Қарашынғыл аңшылық алқабынан 61 бұғы әкелінген. Қазір олардың жалпы саны – 150 бас.
Жануарлардың қозғалысын бақылау үшін оларды шығаратын аймақта 6 видеокамера орнатылды. Сонымен қатар үш бұғыға GPS сенсорлары бар арнайы жағалар кигізілген. Құрылғылар ауыртпалықсыз бекітіледі және жануарларға зиян келтірмейді.
Айта кетейік, бұл Іле-Балқаш қорығы аумағында Бұқар бұғыларының төртінші рет шығарылуы. 2019 жылы 5 бас, 2020 жылы 15 бас, 2021 жылы 61 бас бұғы табиғатқа жіберілген.
Еске салайық, Бұқар бұғы Қазақстанның «Қызыл кітабына» және халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген.