Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2025 23:35 Сурет:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтты.

"Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін", - деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

Боксшы Назым Қызайбайдың өзі бұл жазбаға жауап берген:

"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Құттықтауыңызға көп рахмет. Спорттық мансабымдағы осындай маңызды сәтте жылы лебізіңізді есту - мен үшін үлкен мәртебе. Еліміздің көк байрағын әлемдік аренада асқақтатуға сөз беремін".

Еске салайық, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Ол 48 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық боксшы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, Назым Қызайбай үшінші рет әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұған дейін ол 2014 және 2016 жылы жеңіс тұғырының биігіне көтерілген еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: