Қазақстанды көлікпен араламақ болған шетелдік турист батпаққа батып қалған

Батпаққа бату, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 21:14 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанай облысының Жангелдин ауданында екі адам мінген жеңіл көлік далалы аймақта батпаққа батып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол көлігімен 100 шақырымға жуық жол жүріп өтіп, жолдың тазартылған бөлігіне көлікті сүйреп шығарды.

"Такси жүргізушісі Ақкөл ауылына қайтып оралды, ал құтқарушылар жолаушыны Торғай ауылына жеткізді. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, Нидерланды азаматшасы таксимен Қостанайға барып, одан әрі Астанаға жол тарпақ болған.

Бұған дейін Ақмола облысында талып қалған екі жасар баланы полицейлер ауруханаға шұғыл жеткізуге көмектескенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: