Теміртаулық жасөспірімдердің зейнеткерді соққыға жығуы: мемлекеттік қызметкерлер шетінен жазалана бастады

Сурет: Facebook/Ермағанбет Бөлекпаев
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 2025 жылдың 2 сәуірінде жасөспірімдердің Теміртауда ақсақалды соққыға жыққан оқиғасына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Facebook парақшасында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өткенін жазды.

"Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына кәмелетке толмағандарға тиісінше бақылау жасамағаны үшін қатаң сөгіс жариялауды тапсырдым.Сондай-ақ, жасөспірімдер оқыған білім беру мекемелері директорларының орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды",- деді ол.

Оның айтуынша, кінәлілер қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Бұл оқиға бойынша полиция тергеу жүргізуде.

Еске салсақ, Теміртауда кәмелетке толмағандар 67 жастағы ер адамның үйіне басып кіріп, оны аяусыз ұрып, оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі