Жеті жасар қызды анасының көзінше жүк көлігі басып кетті: істің мән-жайы анықталды

Жеті жасар қызды анасының көз алдында жүк көлігі басып кетті: істің мән-жайы анықталды Сурет: pexels
Алматыда 2025 жылғы 2 сәуірде жүк көлігі жеті жасар қыз баланы таптап, мерт қылды. Қайғылы оқиға анасының көзінше болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысы Бурундайская көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобусты көріп, кері шегінген. Осы мезетте, оны байқамаған жүк көлігі таптап кеткен.

"КТК" дерегінше, марқұмның туыстары автобус жүргізушісін ұстау керек деп есептейді.


"Ол баланы жолдан өткізіп жібермеді. Одан қорыққан бала, артқа қайтып жүк көлігінің астына түсті. Фураның жүргізушісі қызды байқамай, басып кетті",- деді марқұмның туысы Шухрат Ментеев.

Белгілі болғандай, 66 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынған. Ол 5 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін. Тергеушілер "абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ал, автобус жүргізушісінің кінәсі әлі дәлелдеуді қажет етеді.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жаяу жүргіншілер жолағындағы алғашқы апат емес. Бұған дейін ересектерді де балаларды да қағып кеткен бірнеше оқиға тіркелген. Жергілікті тұрғындар бұл жерге бағдаршам орнатып, жол бойындағы шамдарды өзге жарық шамдарымен ауыстыруды сұрағандарын айтады, алайда өтініш еленбеген.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр