Түркияда 9 күнде жол апатынан 72 адам қаза тапқан

Сурет: Zakon.kz
Түркияда Ораза айт мейрамына орай берілген 9 күндік демалыс кезінде жол апатынан 72 адам қаза тапқан.

Ал жол-көлік оқиғаларынан сегіз мыңнан аса адам жарақат алды. Бұл мәліметтерді Түркияның Ішкі істер министрі жариялады.

Өткен аптада берілген 9 күндік демалыс кезінде барлығы алпыс мыңнан аса жүргізуші жол ережесін бұзған. Көпшілігі жылдамдықты асырып, жолда апаттық жағдай тудырғандар.

Жол полициясы қауіпсіздік сақтау мақсатында қалааралық жолдардың барлығында рейд жүргізген, деп жазады qazaqstan.tv.

Түркияда айт мейрамы кезінде туған ауылдарына барып, ата-аналары мен туыстарын аралау дәстүрі бар.

Осыған байланысты автожолдарда көлік күрт көбейіп, түрлі жол апаттары жиілейді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды