Шымкентте қайғылы оқиғадан кейін аудан әкімі қызметінен айырылды

Сурет: pixabay
Шымкентте кәріз суына құлап, қаза тапқан 6 жасар бала оқиғасынан кейін кейбір шенеунік қызметінен кетіп, кейбірі сөгіс алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға биыл 12 сәуірде Қаратау ауданындағы Тұран ықшам ауданында болған. №10 үй маңында беті жаңбыр суына толы кәрізге түсіп кетіп, көз жұмды. Ал бұл кәріз құдығының бір жыл бойына ашық жатқаны белгілі болды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің мәліметінше, мәселе қазіргі қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қызметіне кіріспей тұрып болған. Осылайша бір жыл бойы беті ашық жатқан шұңқырды енді бір айда қалпына келтірмек.

"Үш жылдан бері Қаратау ауданын басқарып келген Рақымберді Мүлкемановты қызметтен босаттық. Басқарма басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ осы салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асыловқа да сөгіс жарияланды", – дейді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Бұған дейін Шымкентте анасын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шыққанын хабарланғанбыз.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды