Алматыдағы үйсіз жүрген "кезбе адамдар" қаладан шығарылды: полиция мәлімдеме жасады

Сурет: wikimedia
Желіде Алматыдағы үйсіз-күйсіз адамдардың Қонаевқа жеткізілгендігі жайлы ақпарат тарады. Полиция жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған бейнеде тұрғылықты жері жоқ бірнеше адам оларды Алматыда полиция қызметкерлері ұстап алып, Алматы облысына апарып, Қонаев қаласының маңындағы тас жолда тастап кеткенін айтты.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі 22 сәуірде "аталған факт бойынша қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатқанын" хабарлады.

"Сонымен қатар, профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар Әлеуметтік және медициналық қызметтермен өзара іс-қимыл жасау кезінде тұрақты негізде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Полиция қызметкерлерінің барлық әрекеттері қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылады", – деп сендірді ПД.

Бұған дейін Ақтаудағы жағалауда итбалықтардың өлекселері шашылып жатқандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды