ТЖМ саяжай және бау-бақша учаскелері иелеріне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay
ҚР ТЖМ саяжай және бау-бақша учаскелерінде от жағуға, қоқыстарды жағуға және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынатынын кезекті мәрте ескертті. Бұл бұрыннан бар, жаңадан енгізілген норма да емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған норма 2006 жылдан бері бар, сәйкесінше бұл ретте әкімшілік жауапкершілік те бекітілген.

"Қазіргі уақытта  бұл норма 2022 жылы бектіліген қолданыстағы Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 174-тармағында көрсетілген, онда "құрғақ, ыстық және желді ауа райы тұрақты болған жағдайда қалаларда, ауылдық елдімекендерде және кәсіпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бау-бақша учаскелерінде от жағуға, көмір, қоқыс, қалдықтар, құрғақ шөпті жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, сондай ақ стационарлық емес сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін пештерді, ас-үй ошақтарын және қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді", деп жазылған", деп нақтылайды ҚР ТЖМ.

Қолайлы ауа райы жағдайында ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта, осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген орындарда және тұрақты бақылауда от жағуға және қалдықтарды жағуға рұқсат етіледі.

Ал мангалды (барбекюді, грильді) ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 10 метр қашықтықта пайдалануға жол беріледі, сондай-ақ орнын бір өрт сөндіргішпен немесе кемінде 10 литр суы бар сыйымдылықпен жабдықтау қажет. Мангалды (барбекюді, грильді) құрғақ өсімдіктері бар орындарда, ағаштардың түбінде, жанғыш материалдардан жасалған жабындардың астында орнатуға тыйым салынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабына сәйкес, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды