Таразда биік мұнараға шығып, айғайлаған ер адам құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
17 мамырда кешке Тараз тұрғындары үрейлі оқиға куәсі болды. Ер адам телевизиялық мұнара басына шығып, айқайлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға сағат 21: 40-та қаланың 15 ықшам ауданында болған.

"Ер адам №60 үйдің артындағы мұнараға көтеріліп, секірмек болды. Оқиға орнына төрт құтқарушы мен техника жедел түрде  аттанды", - деді Жамбыл өңірінің ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар альпинистік жабдықтар мен басқа да құрылғылардың көмегімен ер адамды жерге аман-есен түсіріп, оны 103 қызметі өкілдеріне тапсырды.

Үрейі ұшып, биіктегі адамның өміріне алаңдаған қала тұрғындары ол аман-есен жерге түсірілгенде ТЖД қызметкерлеріне қол шапалақтап, құрмет көрсетті.

Айта кетсек, Қостанайда полицей мен студент шалт әрекет етіп, өз-өзіне қол салған ер адамды аман алып қалды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды