Бұл туралы бүгін Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады.
"Петропавл қаласының екі тұрғыны "Magnum" және "Семейный" сауда желілерінен "рейд" деп аталатын бейнетүсірілімдерді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалады деп айыпталды. Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғандарын жазып алып, жария етілген жағдайдаменшік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейіннен жарияланымдар "Instagram" әлеуметтік желісінде және "Youtube" арнасында жүргізілген", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденді.
Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылып, екi адамға нақты мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды.