Алматыдағы метро депосының аумағында антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді

Фото: pexels
22 мамырда Беларусь көшесі, 15 мекенжайында орналасқан Алматы метрополитені депосының аумағында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі ведомствоның ақпаратына сүйенсек, оқу-жаттығу кезінде метро пойыздарының қозғалысына шектеу қойылмайды.

Шара адам көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу үшін механизмді жетілдіруге бағытталған.

"Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керектігін ескертеміз", - делінген ақпаратта. 

Мұнымен қоса, ведомство ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.

Бұған дейін Астанада ат спортынан әлемдік деңгейде бірнеше жарыс өтетіндігі хабарланған болатын

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді