Алматы әкімі ауысуы мүмкін

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 24 мамырда Алматыда мәслихатының VIII шақырылым депутаттарының жиналысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күн тәртібінде Алматы әкімін тағындау мәселесі талқыланады. Бұл туралы мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

"2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ерболат Досаев 2022 жылғы 31 қаңтарда Алматы әкімі болып тағайындалды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады