Ақнәр Гүлістанның қазасы: полиция бейнежазбаларды тексеруде

Фото: polisia.kz
2025 жылғы 28 мамырда Мәжіліс мінберінде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов алматылық Ақнәр Гүлстанның қазасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол іс бойынша жедел-тергеу тобы құрылғанын еске салды.

"Жәбірленуші тараптың барлық уәждері толық көлемде тексерілуде. Бұл қылмыстық істі жеке бақылауыма алдым. Барлық тергеу әрекеттерін өзім жеке қадағалап отырмын. Жәбірленуші тараптың әрбір уәжі мұқият әрі жан-жақты тексерілуде", – деп сендірді ол.

Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша бейнежазбалар зерттеліп жатыр.

"Бұл материалдарға видеофонографиялық сараптама тағайындалды (аудио және бейне материалдардың шынайылығын анықтау, монтаж іздерін табу, сөйлеушілерді сәйкестендіру және фондық дыбыстарды талдау әдісі). Бейнематериалдар бойынша сарапшылардың қорытындысын күтейік. Барлық видеожазбалар тексерілуде. Бұл іске қатысты бірнеше куәгер бар, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Қыздардан қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Қазіргі уақытта олардың қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп қорытындылады вице-министр.

Айта кетсек, бойжеткеннің қазасы қоғамда резонас тудырды. Жәбірленуші тарап жас қыздың жетінші қабаттан секіріп кеткеніне сенбейді. Осы тұрғыда, іске дәлел ретінде бірнеше бейнежазбаны айғақ ретінде ұсынып отыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды