Ақтөбеде отқа оранған дүкенде жарылыс болып, екі адам зардап шекті

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылы 31 мамырда сағат 14-00 шамасында Ақтөбеде 112 пультіне бес қабатты үйдің біріне жапсарлас салынған дүкеннің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртке оранған дүкен Астана ауданындағы Макаренко көшесінде орналасқан.

"Өрттің жоғары дәрежесіндегі дабыл белгісі бойынша оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дүкен шатырының ағаш конструкциялары жанып жатқаны және ТЖД күштері келгенге дейін оттегі баллонының жарылғаны туралы есеп берді. Өрт сөндірушілер өрт ошағын анықтау үшін шатырды ашып, өртті 100 шаршы метр алаңда сөндірді. Өрттен зардап шеккен екі адам түрлі дәрежедегі дене күйіктерімен ауруханаға жеткізілді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Айта кетсек, Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетінде 30 мамырда кешке газды автоцистернадан стационарлық резервуарға айдау кезінде қатты жарылыс болды. Салдарынан 14 адам зардап шегіп, тағы екі адам көз жұмды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды