Павлодарлық мердігер сапасыз салынған үйлер үшін тұрғындардан кешірім сұрады

Фото: pixabay
Павлодар облысының Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылында бой көтерген бес үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Құрылысқа жауапты мердігер компания тұрғындардың шағымынан кейін осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының мәліметінше, небәрі 1,5 айда салынып біткен нысандар кеуіп үлгермепті. Осының салдарынан қабырғаларының сылағы түсіп, едендері көгеріп кеткен. Үйлерінің ішін кептіру үшін тұрғындар бар дүние-мүлкін далаға шығарып, есік-терезелерін ашып тастаған.

Жалаулы ауылында бой көтерген бұл жаңа үйлер өткен жылы тасқын судан зардап шеккендерге арналып салынған болатын. Алайда су жаңа баспаналар тұрғындардың үмітін ақтамады. Күз түсе қабырғалары мен едендері ылғал тартып көгеріп кеткен. Кейбір отбасылар қазір үйлерін тастап кетуге мәжбүр. Ал барар жері жоқ жандар сыз тартқан, көгерген баспаналарда күн кешіп отыр.

Айта кету керек, бұл баспаналар демеушілердің қаражатына салынды. Ал құрылысты осы Ақтоғай ауданының тумасы, жергілікті кәсіпкер Александр Терентьевтің компаниясы жүргізді. Кәсіпкер жауапкершіліктен қашпайды. Кемшіліктерді жақын арада жоюға уәде берді.

"Тұрғындармен кездесіп, бір мәмілеге келдік. Біздің бригада мүшелері еденге төселген ОСБ фанералар мен линолеумді алды. Үйлердің едені толық кепкеннен кейін жаңа материалдар төсейміз. Өз атымнан уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймын".Александр Терентьев, мердігер компания басшысы:

Бұған дейін Ақтөбеде газ жарылған үйдің тұрғындары көмек сұрауда екенін жазған болатынбыз. 

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты