Жазба авторы жариялаған видеоның астында желі қолданушыларына мынадай сұрақ қойылған: "Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда кім кінәлі болады? Жүргізушілер ме, әлде ата-аналар ма?"
Бейне Қазнетте қызу талқыға түсті. Дегенмен, көпшіліктің пікірінше мұндай жайтта ата-ана кінәлі.
Аталған жағдайға Ақтөбе облыстық полиция департаменті де пікір білдірді. Мамандар кішкентай баланың көлік қозғалысы тығыз жолға жүгіріп шыққан сәті бейнеленген видеоны зерттегенін айтты:
"Жүргізушілердің сақтығының арқасында қайғылы оқиға болмады – ешкім зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бұл оқиға тіркеліп, полицияның бақылауына алынғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, баланың ата-анасы (заңды өкілдері) анықталып жатыр. Олармен қолданыстағы заңнамаға сәйкес профилактикалық әңгіме өткізіледі", – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, мамандар келесідей ескерту жасады:
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар мен заңды өкілдердің тікелей міндеті. Әсіресе көлік жолдарының маңында кішкентай балалар ересектердің үнемі бақылауында болуы керек".
Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда екенін жазған болатынбыз.