Air Astana Таяу Шығыс арқылы қатынайтын рейстерді тоқтату туралы шешім әлі күшінде екенін ескертті

Сурет: Zakon.kz
Air Astana әуе компаниясы бүгін, 2025 жылғы 23 маусымда Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты осы өңір арқылы қатынайтын рейстерді тоқтату туралы шешім әлі күшінде қалатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Air Astana компаниялар тобы 24 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:


"Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады. Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалауда және жағдай жақсарған сайын рейстердің 25 маусымнан жаңғыртуын қарастырады", делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыс бағытындағы рейстерін алғаш рет 2025 жылы 22 маусымда тоқтатқандарын жариялады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті