Ақмола облысында төрт адам туберкулездан көз жұмды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақмола облысында туберкулезге шалдыққандар көбейген. Тіпті төрт науқас ауруын асқындырып алып, ем қонбай, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK дерегіне сүйенсек, өкпе құрты дерті әсіресе Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Ерейментау, Есіл, Жақсы аудандарында жиі кездеседі. Дәрігерлер жұқпалы дерттің көбеюіне басты себеп – адамдар денсаулығына немқұрай дейді.  Соңғы бес айда өңірде 111 адам туберкулезге шалдыққан. Ал ауруы асқынған төрт науқас көз жұмыпты.

"Туберкулезге шалдығудың басты себебі  — адамдар денсаулығына немқұрай қарайды. Медициналық көмекке кеш жүгінеді. Флюрографиядан уақытында өтпейді. Төмен күнкөріс деңгейі мен тағы бірнеше аурудың қатар жүруі де ауруды жұқтыруға себеп. Біз жыл сайын профилактикалық шара жүргізіп, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз". Жанаргүл Есімжанова, Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бас маманы: 

Бұған дейін Ақтөбеде үш жасар баланың саусағынан айырыла жаздағанын жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді