Astana English School-тен миллиард теңгеге жуық ақша ұрланды

Фото: pexels
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы әкімдігіне қарасты "№81 Astana English School халықаралық мектебі" КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, бұрынғы директор мен бас бухгалтердің 900 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды.

"Бұл соманың бір бөлігі – ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған ақша, алайда бұл қаражат мекеме шоттарына түспей, ұрланған." ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті

Сонымен қатар, шамамен 16 млн теңге іс жүзінде ұйымда жұмыс істемейтін жалған қызметкерлер атына аударылған. Олардың қатарында күдіктілердің жалған түрде рәсімделген туыстары да бар.

Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын мүлік сатып алған: коттедж, елордада екі пәтер және автокөлік.

Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Күдіктілер қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

"Бұршақ жауып, дауыл тұрады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды