Үш жасөспірім Шымбұлақ шыңындағы жартаста қалып қойған

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жартаста қалып қойған — ТЖМ құтқарушылары Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2025 жылғы 6 шілдеде кешқұрым болған.

"Шымбұлақ маңындағы тауда үш жасөспірімнің өз бетімен төмен түсе алмай қалғаны туралы құтқарушыларға хабар түсті. Жартасты аумақта соқпақ жол болмаған. Геолокация берілді, байланыс үзілмеді. Республикалық жедел-құтқару жасағының құрамы Медеу постынан дереу оқиға орнына аттанды",- деп жазды ведомство.

Құтқарушылар жаяу жүріп, координаталар бойынша тауға көтерілген. Тік жартастар мен қауіпсіз маршруттың болмауы арнайы альпинистік құралдарды қолдануды қажет етті.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Көп ұзамай 2007 жылы туған екі жасөспірім ұл мен 2008 жылы туған бір қыз табылып, жағдайлары тексерілді. Медициналық көмек қажет болмады. Альпинистік арқандардың көмегімен олар қауіпсіз жерге түсірілді.

"Кейін барлығы құтқару постына жеткізіліп, ата-аналарына тапсырылды". ҚР ТЖМ

Бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусы өртенгені хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы