Қарағандылық тұрғынның мопедін заңсыз иемденген күдіктілер елордада ұсталды

Фото: Zakon.kz
Полицейлер елордада 17 жастағы жасөспірімнің мүлкін алдап иемденген екі күдіктіні ұстады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында анықталғандай, Қарағанды қаласының тұрғыны – 17 жастағы жасөспірім ата-анасының келісімімен мопедін онлайн сауда алаңында сатпақ болған.

Жарнама жарияланғаннан кейін оған екі азамат хабарласып, өздерін сатып алушы ретінде таныстырған. Сенімге кіріп, ыңғайлы сәтті пайдаланған олар мопедті алдап алып, "ізін суытқан".

Келтірілген материалдық шығын шамамен 220 мың теңгені құрайды.

Қылмысты ашу мақсатында Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктілер елорда аумағында ұсталды.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Мопед тәркіленіп, іс материалдарына тіркелді.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды