Медеуде төмен ұшқан тікұшақ жұрттың зәресін алды

Сурет: pixabay
Желіде Алматыдағы "Медеу" спорт кешені территориясынан әуеге көтерілген "Қазавиақұтқару" тікұшағының видеосы тарады. Аталған оқыс оқиға сол маңдағы адамдардың зәресін алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан тікұшақтың бірден әуеге көтерілмей, төменде біршама шайқалақтап тұрғанын, ал оның айналасында адамдар толы жүргенін көруге болады. Сол төмен күйінде алға бағыт алған тікұшақ бірнеше рет қисайып, тіпті әуе кемесінің қанаттары ағаш бұтақтарын да іліп кетеді. Сәлден кейін ғана тікұшақ биікке көтеріле алады. 

"Қазавиақұтқару" компаниясының баспасөз қызметі атап өткендей, тікұшаққа байланысты оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ. Ал тікұшақ ресми алаңнан алдын ала өтінім бойынша көкке көтерілген.

"Бортты кәсіби біліктілігі дәлелденген тәжірибелі ұшқыш басқарды. Ал ұшар алдында борт механигі жақын маңдағы азаматтарға қауіпсіздік қашықтығын сақтау қажеттігін ескерткен", - дейді мамандар.

Сондай-ақ "Қазавиақұтқару" ұшу кезінде желдің бағыты мен екпіні күрт өзгеріп, оның әуе кемесінің қалықтау тұрақтылығына әсер етуі мүмкін екенін айтады:

"Оқиғаның себептері ішкі тексеріс аясында белгіленеді. Тікұшақты жедел әрекет ету бригадасы тексерді, техникалық ақаулар анықталған жоқ".

Бұған дейін Алматының шетінде МАЗ маркалы кранның, №10 маршруттық автобустың және бірнеше жеңіл көліктердің қатысуымен жаппай жол апаты болып, 20-дан астам адамның зардап шеккенін жазғанбыз. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды