Еліміздің екі ірі мегаполис тұрғындарына дүрбелеңге салынбау керектігі ескертілді

Фото: pexels
Қазақстанның сейсмикалық қауіпті өңірлерінде 23-24 шілдеде елімізде "Жер-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында "Баршаның назарына!" сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.   

"Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі. Аталмыш іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын  сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі. Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетілетін болады".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетсек, 18 шілдеде қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 300 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді.

Қызылорда
Шымкент
Тараз
Өскемен
Талдықорған
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс