Алматыда самокат тізгіндеген жасөспірімдер нәресте жатқан арбаны қағып кетті

Фото: Zakon.kz
Желіде Алматыдағы шағын көшелердің бірінде самокат тізгіндеген екі жасөспірімнің нәресте жатқан арбаны қағып кеткені бейнеленген видео тарады. Абырой болғанда, сәби зардап шеккен жоқ. Zakon.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қалалық полиция департаментіне жүгінді.

2025 жылдың 2 қыркүйегінде полиция қызметкерлері құқық бұзған кәмелетке толмағандарды анықтағанын нақтылады.

Олар жеке қозғалуға арналған құралдарды пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал олардың ата-аналарына балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін шара қолданылды.

Сондай-ақ, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Оларға мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтіні, бақылаудың күшейтілетіні және оның салдары туралы түсініктеме берілді", – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратында.

Бұған дейін Алматылық 55 жастағы әйелді самокат мінген қыз қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз