Алматыда 54 жастағы мопед тізгіндеген әйел бетон араластырғыш көлікпен жол апатына түсіп, қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 5 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласында Howo маркалы бетон араластырғыш көлік пен Honda Dio мопедінің қатысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Қапшағай тас жолында, Алматы қаласына кіреберісте болған. Екі жүргізуші де оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Екі дөңгелекті көлік пен ауыр жүк көлігінің соқтығысуының нақты жағдайлары әзірге белгісіз.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Howo жүргізушісі соқтығысуды байқамай, жолын жалғастырған. Ол апат болған жерден шамамен бір шақырымдай ұзаған соң ғана тоқтаған.

Сурет: Zakon.kz

Соқтығысу салдарынан мопед тізгіндеген 54 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Қатты соққыдан оның дулығасының түгі қалмаған.

Полиция оқиға орнында жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Алматыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамның қаза тапқанын жазғанбыз. 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді