Алматыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған адам қаза тапты

Алматыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 11:22 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 4 қыркүйекке қараған түні жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды Subaru Outback көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Райымбек даңғылында, "Барлық" және "Алтын Орда" базарларының қарсы бетінде болған. Ер адам жол бойында орналасқан екі жерасты өткелінің бірін пайдаланбай, көлік жолын кесіп өтпек болған.

Сурет: Zakon.kz

Шығыс бағытта келе жатқан көлік бір сәтте ер адамды қағып кеткен. Жарақат алған адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, Subaru Outback жүргізушісі соқтығысудан барынша қашуға тырысқан. Олардың пайымдауынша, ер адам асфальтқа қатты құлап, соның салдарынан қаза болған болуы мүмкін.

Сурет: Zakon.kz

Қазіргі уақытта жол апатына қатысты барлық мән-жайларды жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен криминалистер анықтап жатыр. Қаза тапқан ер адамның жеке басы да анықталуда.

Бұған дейін Таразда 1 қыркүйек күні мектеп оқушысын өлтіріп кеткендігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: