Алматыда BMW көлігі жолды кесіп өтпек болған әйелді қағып, мерт қылды

Жол апаты, Алматы, әл-Фараби, BMW X6, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 22:02 Сурет: zakon.kz
7 қарашада әл-Фараби даңғылында, "Есентай Молл" сауда орталығына қарама-қарсысында жол апаты болды. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 1989 жылғы келіншекті жеңіл көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға орнынан бірнеше ондаған метр қашықтықта жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелінің болғанына қарамастан әйел адам көліктер жүйіткіп жатқан жолды кесіп өтпекке бел буған. 


Сурет: zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, келіншек жолдың бір бөлігін кесіп өтіп, ортада сәл аялдап, үлгеремін деп ойлаған болуы керек, келесі бөлігінен де жүгіріп өтпек болғанда шығыс бағыттан келе жатқан BMW X6 көлігінің астына түскен. 

Сурет: zakon.kz

Ол оқиға орнында қаза тапты. 

Сурет: zakon.kz

Қазіргі уақытта ЖКО орнында болған жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда. 

Сурет: zakon.kz


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: