Алматыда түн ортасында жеңіл көлік жол жиегінде тоқтап тұрған жол қызметіне тиесілі жүк көлігімен соқтығысты

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 8 қыркүйекке қараған түні Алматыда Саин даңғылы мен Абай даңғылының қиылысына жақын маңда Hyundai Elantra жеңіл көлігі мен жол жұмысшыларының Hino маркалы жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Hyundai жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып, жолдың оң жақ шетінде тоқтап тұрған жол қызметіне тиесілі жүк көлігіне соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Соққы салдарынан жүк көлігі шамамен 10 метрге алға қарай жылжып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Апат нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алды. Ал оқиға орнында болған жол жұмысшылары дін аман. Олардың айтуынша, олар қоқыс жинауға шыққан сәтте, жеңіл көлік келіп соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол-патрульдік полициясы мен ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеді. Жеңіл көлік қатты зақымданғандықтан, эвакуатор шақырылған.

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, бұл жол учаскесі әлі де қауіпті, өйткені жүргізушілер апаттан қашу үшін кенеттен маневр жасауға мәжбүр. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында екі полицей жол апатына ұшырап, қаза тапқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды