Шымкентте танымал брендтің "жалған" майы сатылып келген

Сурет: pixabay
Шымкентте танымал тауар таңбасымен заңсыз май өндірісінің жолы кесілді. Өнім құны шамамен 7 миллион теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының ақпаратынша, тәркіленген тауар 10 тоннаға жеткен.

"Тиісті хаттама толтырылып, Шымкент қаласының әкімшілігіне жолданды. 30 сәуір 2025 жылғы қаулысымен сату бойынша кінәлі деп танылғандарға Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 158-бабына сәйкес 78 640 теңге айыппұл салынды. Заңсыз тауар соттың қаулысымен жойылуға жатады".Нұрлан Серік, қалалық Әділет департаменті филиалының жетекшісі

Айта кетейік, қалада ағымдағы жылдың 8 айында 36 мыңнан аса қолдан жасалған өнім айналымнан шығарылған. Ол бойынша 23 әкімшілік іс қозғалып, кінәлілерге айыппұл салынған.

Бұған дейін ҰҚК-нің ірі кокаин партиясын тәркілегенін жазғанбыз

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді