ҰҚК ірі кокаин партиясын тәркіледі
Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ел тарихындағы кокаиннің ең ірі партиясын тәркілегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰҚК-нің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі мәліметіне сәйкес, халықаралық есірткі контрабандасы арнасы жойылған.
"Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында республика тарихындағы есірткінің ең ірі – 13 тонна 183 килограмм кокаин партиясы тәркіленді", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Комитеттің мәлімдеуінше, жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзитпен өткізуді көздеген.
"Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталып, қамауға алынды", – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Істің өзге мәліметтері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript