Өскемен прокуроры тергеуге ілікті

Сурет: ШҚО прокуратурасы
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының прокурорына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде полиция Өскемен қаласының прокуроры Тимур Чакпантаевқа ҚК 109-бабы бойынша "қызметкерлерін соққыға жықты" деген күдікпен қылмыстық іс қозғағаны туралы ақпарат тарады.

ШҚО прокуратурасы бұл мәліметке қатысты түсініктеме берді.

"Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңына сәйкес, ол өзіне қатысты жауаптылық туралы шешім қабылданғанға дейін уақытша атқаратын лауазымынан шеттетілді", – делінген түсініктемеде.

Қадағалаушы орган Өскемен қаласы прокуратурасының өзге қызметкерлеріне қатысты мәліметтер бойынша бұған дейін де қызметтік тексерістер жүргізілген.

"Аталған мән-жайлардың бір бөлігі расталып, көрсетілген қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды", – деп толықтырды прокуратура.

Бұған дейін Ақтау қаласының прокуроры Алматы әуежайында болған ұсақ бұзақылықтан кейін жауапкершілікке тартылған еді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады