Астанада қызметтік иттің көмегімен жүргізушіден есірткі табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағандыдан Астанаға кіреберістегі "Күйгенжар" блок-бекетінде көлік тоқтатылды. Қызметтік Корона атты иттің қатысуымен тексеру барысында тыйым салынған заттардың бар екендігін көрсететін белгілер анықталды.

Тексеру кезінде жүргізушінің шұлығынан оралған түйіншек табылып, оның ішінен есірткі заты шықты. Алдын ала деректерге сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық есірткі — альфа-PVP екені анықталды. Бұдан бөлек, жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны белгілі болды.

Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жыл басынан бері елордада қызметтік иттердің көмегімен шамамен 170 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 30-ға жуығы есірткіге қатысты деректер.

Бельгиялық овчарка Корона туған күнінен бастап құқықтық тәртіпті қорғау қызметінде жүр және бірнеше рет қылмыстарды ашуға көмектескен.

Полиция еске салады: есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Егер сізге мұндай деректер белгілі болса — дереу "102" нөміріне хабарласыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев