Қарағанды облысында полиция браконьерлік фактілерін анықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы екі ірі браконьерлік деректі әшкереледі. Нәтижесінде Теміртау және Астана қалаларының тұрғындары ұсталды.

Алғашқы оқиға Осакаров ауданында табиғатты қорғау полициясы мен жергілікті аңшылық қоғамы қызметкерлерімен бірлескен рейді кезінде болды.

Тексеру барысында Теміртау қаласының екі тұрғыны басқарған көліктерден жалпы салмағы 120 келіден асатын бұғы еті табылды.

Күдіктілердің ешқандай рұқсат құжаты болмаған. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің қарулары тәркіленді.

Екінші дерек Нұра ауданында тіркелді. "Охотзоопром" инспекторымен бірлескен рейд кезінде Астана қаласының үш тұрғыны мінген көліктен төрт киіктің бөлшектелген еті анықталды.

Олардан да тиісті құжаттар табылмады. Тінту барысында тіркелген мылтық пен пышақтар алынған.

Аталған деректер бойынша заңсыз аңшылыққа және сирек жануарларға қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты қылмыстық істер қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі