Оның айтуынша, амнистия іс жүзінде толық жүзеге асқан.
"Бостандыққа тек қамауда отырғандар ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау орбитасында болған азаматтар да шықты. Амнистия әкімшілік құқық бұзушылықтар, шағын және орташа ауырлықтағы, материалдық залал келтірмейтін қылмыстар бойынша қолданылды", – деді Әділов.
Ол амнистияланғандардың нақты саны мен олардың қандай қылмыстар үшін жазасын өтегені жөнінде толық ақпаратты кейін ІІМ баспасөз қызметі арқылы жариялайтынын атап өтті.
Сонымен қатар вице-министр амнистияға іліккендерге қатысты пробациялық бақылау міндетті түрде жүргізілетінін жеткізді.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев амнистия туралы заңға қол қойған болатын.