Павлодар облысында полицей автокөлік ұрлығын дер кезінде тоқтатты

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысының Шарбақты ауданында полиция қызметкері автокөлік ұрлығын дер кезінде тоқтатып, кәсіби шеберлік пен борышына адалдықтың үлгісін көрсетті.

Хмельницкое ауылының учаскелік инспекторы Саян Қадырханов автокөлік ұрланды деген хабар түскен бойда дереу оқиға орнына жетіп, жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған. Нәтижесінде көлік аз уақыт ішінде табылып, күдікті ұсталды.

Көлік иесі учаскелік полицейге жедел әрекеті мен кәсіби көмегі үшін алғысын білдіріп, осындай адал қызметкерлер ел ішінде сенім мен қауіпсіздік орнатуға зор ықпал ететінін атап өтті.

"Саян Қадырханов сияқты адамдар барда өзімізді қауіпсіз сезінеміз. Полиция әрдайым көмекке келуге дайын екенін білеміз", – деді көлік иесі.

Шарбақты аудандық полиция қызметкерлері күн сайын қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етуде. Бұл оқиға – тәртіп сақшыларының қырағылығы мен кәсібилігі қылмыстың алдын алуда шешуші рөл атқаратынын көрсетеді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды