Ақтауда полиция қызметкері жол апатына ұшырап, қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаменті Lada.kz басылымына бұл ақпаратты растады. Басылымның хабарлауынша, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан орындағы жүк тиегіш техникаға Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан полиция қызметкері көз жұмды, ол еңбек демалысында болған, яғни аталған оқиға қызметтен тыс кезде болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, полиция қызметкері сау болған, алкогольдік немесе есірткілік масаңдық белгілері анықталған жоқ", - деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, көлікте тағы бір полиция қызметкері болған, ол қазір ауруханада жатқан көрінеді. Алайда, бұған қатысты полицияның баспасөз қызметі ешқандай мәлімет ұсынбады.

Бұған дейін Алматы облысында ауыл әкімі қызметтік көлігімен жол апатына ұшырап, ауруханаға түскенін жазғанбыз. Бұл жағдайда да көліктегі бір адам көз жұмған болатын.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді